Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына Т Ү С І Н Д І Р М Е

ҚЫЛМЫСҚА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК САЯСАТЫ

 

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау

қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына

Т Ү С І Н Д І Р М Е

 

Мемлекет басшысы 2009 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлыққа (бұдан әрі - Жарлық) қол қойды. Бұл осы қарастырылып отырған салада жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа мен басқа да қайта өзгертулер тұрғысынан алғанда дер кезінде жасалған әрі қажетті шара болып табылады.

Жарлықтың негізгі қағидаларын, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдастыру-құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіру мәселелеріне байланыстыра отырып, шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

Республика Президенті сыбайлас жемқорлықтың мемлекетіміздің дамуына, оның экономикалық өсуі мен саяси тұрақтылығына қауіп-қатер төндіретініне мемлекеттік құрылымдардың назарын бірнеше рет аударған болатын. Бұл орайда, әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық бүгінде ғаламшардағы барлық елдерге, солардың ішінде, экономикасы дамыған және демократиялық дәстүрі ежелден қалыптасқан мемлекеттерге тән болып, кез келген қоғам үшін күрделі проблема болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку