Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2010.17.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту
және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы

(2010.17.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы жарлыққа түсіндірмені қара 

 

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің жауап әрекетінің болуын қамтамасыз етіп және кінәлілерді заңда белгіленген жауапқа тарта отырып, құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары деп айқындалсын.

2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар көздесін;

мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізуін оның міндетіне енгізсін, осы міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықты көздесін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции