(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2008.4.12 № 96-ІV ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2009 жылғы 9 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2009 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 2 845 331 476 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 1 827 322 214 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 55 352 958 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 17 957 823 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 944 698 481 мың теңге;
2) шығындар - 3 175 298 064 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 46 154 983 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 60 177 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 022 017 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 195 242 554 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 196 742 554 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 500 000 мың теңге;
5) тапшылық - 571 364 125 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,4 проценті;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 571 364 125 мың теңге.
2-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 14 202 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 061 071 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2009 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
Редакция документа
Демо – версия документа