-
Осы редакция 2009 жылғы 13 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.27.02. № 292 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Судьялардың республикалық және облыстық
тәртіптік-біліктілік алқалары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (бұдан әрі - Конституциялық заң) Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) судьялардың тәртіптік-біліктілік алқаларын құру, жұмысын және қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тәртіптік істер және біліктілік іс жүргізу материалдарын қарау тәртібін, судьяның орнынан түсу құқығын бекіту, оны тоқтату мәселелерін белгілейді.
2. Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары (бұдан әрі - тәртіптік-біліктілік алқалар) Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртіптік істер және біліктілік іс жүргізу материалдарын, судьяның орнынан түсу құқығын бекіту және оны тоқтату мәселелерін қарау жөніндегі органдар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген шектерде судьяларға тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тәртіптік жазалар беру құқығын иеленеді.
3. Өз міндеттерін орындау кезінде тәртіптік-біліктілік алқалар тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық заңға бағынады, сондай-ақ өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.
Тәртіптік-біліктілік алқалардың жұмысына араласуға және оның мүшелеріне қандай да бір ықпал етуге ешкімнің құқығы жоқ. Тәртіптік-біліктілік алқаның мүшесі қабылданған шешімдердің мәні туралы қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.
2. Тәртіптік-біліктілік алқаларды құрудың тәртібі және олардың өкілеттіктерi
Редакция документа
Демо – версия документа