(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2007 ж. 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-біліктілік
алқалары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялардың тәртiптiк-біліктілік алқаларын құру, жұмысы мен қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртiптiк iстер мен біліктілік iс жүргізу материалдарын қарау тәртібін белгiлейдi.
2. Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-біліктілік алқалары Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртiптiк iстер мен біліктілік iс жүргiзу материалдарын қарау жөніндегі органдар болып табылады, заңнамамен берiлген шектерде біліктілік сыныптарын беру құқығын, сондай-ақ судьяларға тәртiптiк жазалар беру құқығын иеленедi.
Редакция документа
Демо – версия документа