(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.18.06 № 591 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға
2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 591 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 17 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруды жүргізсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар
даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысы
Редакция документа
Демо – версия документа