(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.21.02. № 111 ҚАУЛЫСЫ
«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін
және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа
салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған
шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 Қаулысы
(2006.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 қаңтарда, 2007 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі;
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа