(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1025 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының
XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша
Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 Қаулысы
(2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
2) Комиссияның құрамы;
3) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Комиссия:
тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері;
ғылыми-білім беру мәселелері;
нормативтік құқықтық мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін сараптау топтарын құрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Е.Қ.Ертісбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы»28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын
орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с №
| Қазақстан Республикасы Президентінің сөзінен үзінділер (тапсырмалар) | Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Редакция документа
Демо – версия документа