Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 16 ҚАҢТАРДАҒЫ № 42 ҚАУЛЫСЫ

Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi бекітілсiн.

2. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 4, 53-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 16 қаңтардағы

№ 42 қаулысымен

бекітілген

Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу тәртібін айқындайды.

2. Жер бетіндегі судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, су объектілерi мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдіктер дүниесiн сақтау талаптарына сәйкес жай-күйде ұстау үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.

3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгіленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады.

4. Су қорғау аймағы шегiнде шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгіленген су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес, аумағының енi жиырма метрден кем емес су қорғау белдеулерi ажыратылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку