Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.01.02 Ж. № 62 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп
өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 19 қаңтардағы № 62 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306; 2005.30.01 № 39
қаулыларымен енгізіллен өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берілiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкалары;

3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту және тиiстi рұқсат құжаттарын беру тәртібі туралы ақпаратты мүдделi шетел мемлекеттерi өкілдiктерiнiң назарына жеткiзсiн.

4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкiметінің

2002 жылғы 19 қаңтардағы

№ 62 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының

жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже өзiне:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку