(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТІЛ ТУРАЛЫ 11.07.97 Ж. № 151-1 ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі
№ 151-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар)
2 тарау. Тiл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар (8 - 15 баптар)
мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
3 тарау. Тiл - білім беру, ғылым, мәдениет және (16 - 18 баптар)
бұқаралық ақпарат құралдары саласында
4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, (19 - 22 баптар)
көрнекi ақпаратта
5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар)
6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен (27 бап)
қатынастарда пайдалану
Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөніндегі мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
ономастика - тiл білімiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
Редакция документа
Демо – версия документа