(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1111 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы
(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1244 Қаулысын қара (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен алынып тасталды(бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен алынып тасталды(бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа