Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 752 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 752 Қаулысы

 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 15 тамыздағы

№ 752 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 22 қаулысында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 10-құжат):

1) 2-тармақтағы «осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 5-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

2. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 91-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 168-құжат):

1) 2-тармақтағы «осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

4. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысында:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 818 қаулысында:

1) 2-тармақтағы «осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 5-тармақтағы 1) тармақшасы алынып тасталсын.

6. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысында:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлімдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес» деген сөздер «мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку