(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 4 СӘУІРДЕГІ № 302 ҚАУЛЫСЫ
“Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тiзбесiн бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 Қаулысы
(2007.28.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өрт қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тізбесі бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң әскери қызметшілері мен өртке қарсы мемлекеттік қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлері лауазымдарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 43 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 302 қаулысымен
бекітілген
Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге
ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн өртке қарсы
қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2006.11.08. № 760 (бұр.ред.қара); 2007.28.05. № 430 (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа