(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.14.02. № 111-1 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты
дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 17 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) Жоспардың тиесілі және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтар мен 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына екі рет жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 қаңтар мен 30 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 14 ақпандағы
№ 111-1 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты
дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
Редакция документа
Демо – версия документа