Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.12.03 № 346 ҚАУЛЫСЫ

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің
өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 346 қаулысы

(2006.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV Бүкіл дүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995) іс-қимылдар тұғырнамасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 999 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiліп отырған Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестіктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастырудың ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы

12 наурыздағы № 346

қаулысымен бекітілген

 

 

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен

айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және

қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру

ЕРЕЖЕСI

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:

1) гендер - ерлер мен әйелдер арасындағы тек биологиялық қана емес, әлеуметтiк, саяси және экономикалық факторларға да байланысты рольдерi мен өзара қарым-қатынас жүйесiн көрсететiн мемлекеттiң даму тұжырымдамасы (iшкi саясаты);

2) гендерлiк теңдiк - адамдардың жыныстарына қарамастан, олардың қоғамдағы бiрдей (тең) әлеуметтiк жағдайы;

3) трафик - әртүрлi негiз бойынша арбалған әйел жынысты адамдарды әрi қарай жыныстық қатынас және экономикалық тұрғыда қанау үшiн шет елдерге сату;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку