Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 624 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
ЖАРЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылгы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 384-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Аса көрнекті қайраткерлердің мерейтойлық даталарына арналған коллекциялық монеталарда портреттерімен қоса тегі және аты (немесе инициалы), туылған жылы және мерейтой жылы жазылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа