(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.09.03 Ж. № 890 ҚАУЛЫСЫ
Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік
жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық
ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының
мөлшерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 2 қыркүйектегі № 890 қаулысы
(2007.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар белгiленсiн:
1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы.
Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;
ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 408 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
31 жылдан 49 жылға дейiн - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
Редакция документа
Демо – версия документа