Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақта:

3) тармақшадағы «ұсынатын жабдықтар» деген сөздер «ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар» деген сөздермен ауыстырылсын, «ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға» деген сөздер «агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін.«;

көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

                                           Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                         2008 жылғы 20 мамырдағы

                                              № 478 қаулысына

                                                   Қосымша

 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік

кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды

қаржыландыру

 

                                                  мың теңге

Іс-шаралардың атауы

Жиыны

Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының

жарғылық капиталын ұлғайта отырып "ҚазАгро"

ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын

ұлғайту, оның ішінде:

40 900 000

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы»

ұлттық компаниясы» АҚ

10 612 100

Тамшылатып суаруды қолдана отырып жеміс-көкөніс

өнімдерінің өндірісін дамыту

1 314 100

Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме базарын салу

3 298 000

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді,

оның ішінде кредит беру арқылы көктемгі дала

және егін жинау жұмыстарын және дәнді

дақылдардың шығымдылығын арттыру жөніндегі

іс-шараларды жүргізу үшін қаржыландыру

6 000 000

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

18 487 900

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды

қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке беру үшін)

4 700 000

Технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканы

сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен

лизингке беру үшін)

2 634 000

Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта

өңдеу жөнінде жабдықтарды, сондай-ақ құс өсіру

фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып

алуды қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке

беру үшін)

2 400 000

Негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру

(о.і. кейіннен лизингке беру үшін) және сүт пен

ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы

фермаларын құру үшін айналым қаражатын

толықтыруға ішінара кредит беру

8 753 900

«Аграрлық кредит беру корпорациясы» АҚ

5 300 000

Ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауылдық кредит

серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы

өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке кредит беру

3 200 000

Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіруді

жүргізу, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау,

тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен

жабдықтау жөніндегі ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілер бірлестіктері мен ауыл тұрғындарына

кредит беру

1 300 000

Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын

кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру

800 000

«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ

6 500 000

Дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы

бордақылау алаңдарын құру

5 500 000

Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау

1 000 000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку