(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 19 ҚАЗАНДАҒЫ № 972 ҚАУЛЫСЫ
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 Қаулысы
(2008.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 12 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 215 қаулысының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 374 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
№ 972 қаулысымен
Бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Редакция документа
Демо – версия документа