(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.02.02 № 88 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 Қаулысы
(2008.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 286 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Үкіметінің
2008 жылғы 2 ақпандағы
№ 88 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау
жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеу- ші мем- лекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жоба- ларын са- палы әзір- леу және уақтылы енгізу үшін жауа- пты адам | ||
Әділет-мині | Үкімет | Парла- мент | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Әлеуметтік қыз- меттер туралы | Еңбекмині | Қаңтар | Қаңтар | Маусым | С.С. Әбденов |
2 | «Мемлекеттік атаулы әлеумет- тік көмек тура- лы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс- тер мен толықты- рулар енгізу туралы | Еңбекмині | Қаңтар | Қаңтар | Наурыз | С.С. Әбденов |
3 | Қазақстан Рес- публикасының кейбір заңнама- лық актілеріне кәмелетке толма- ғандардың істері бойынша маман- дандырылған ауданаралық сот- тар мәселелері бойынша өзгеріс- тер мен толық- тырулар енгізу туралы | ЖС | Қаңтар | Қаңтар | Ақпан | М.Т. Әлімбеков |
Редакция документа
Демо – версия документа