(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.17.08 № 704 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Казақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мекеме) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 17 тамыздағы
№ 704 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 ақпандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа