(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.10.04 Ж. № 1115 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
комитетiнiң кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысы
(2006.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Комитеттің төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 430-құжат) 2-тармағы 1) және 1-1) тармақшаларының;
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік Мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1115 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа