(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 05.07.99 Ж. № 930 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 5 шілдедегі № 930 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. № 338; 18.07.00 ж. № 1084; 03.05.02 ж. №
491; 11.10.02 ж. № 1113; 15.10.02 ж. № 1127; 29.11.03 ж. № 1212;
24.06.04 ж. № 695; 02.07.04 ж. № 730; 28.10.04 ж. № 1114
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы № 207 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 15.10.02 ж. № 1127 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1114 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1114 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депаратментінің мүліктік және өзге де құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі статистикалық және талдаулық ақпаратпен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың тізбесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін және оның аумақтық органдарын көздесін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы № 1751 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 53, 487-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа