(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 3 АҚПАНДАҒЫ № 132 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 132
қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 3 ақпандағы № 132 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. "2001-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 маусымдағы № 871 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 24-25, 298-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген "2001-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiруді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде "Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген бөлiмшенiң екіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 600,5 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылы - 77,2 млн. теңге; 2002 жылы - 98,0 млн. теңге; 2003 жылы 138,0 млн. теңге; 2004 жылы - 142,468 млн. теңге; 2005 жылы - 144,832 млн. теңге";
"Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмнiң екіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа