(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТІРІНІҢ 2006.15.08 № 302 БҰЙРЫҒЫ
«Ұлттық компаниялар, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы, «Қазына» орнықты даму қоры
акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік
меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды
қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті
(қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының
орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы
№ 302 бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік активтерді басқарудың» 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 1.4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық компаниялар, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесі бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа