(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің
2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 Бұйрығы
(2008.04.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
бірінші орынбасары | Ғ. Әбдірахымов |
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008.04.02. № 02-01-02/20 Бұйрығымен мәтін бойынша «, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді» деген сөздер алып тасталды (ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) (бұр.ред.қара)
лауазымдарының санаттарына
үлгілік біліктілік талаптарын
бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі
Төрағасы бірінші орынбасарының
2008 жылғы 9 қаңтардағы
№ 02-01-02/5 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының
санаттарына үлгілік біліктілік талаптары
1. Осы үлгілік біліктілік талаптары мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының А, В, С, Б, Е санаттары топтарына тағайындалған және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға ұсынылады.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына осы үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) негізінде олардың штат кестесінде қарастырылған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын (бұдан әрі - біліктілік талаптары) әзірлейді және бекітеді.
Редакция документа
Демо – версия документа