(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.05.01. № 1 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік
мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып белгіленсін.
3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
| К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
1-қосымша
Құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік
мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесi
1. Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
2. Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
Редакция документа
Демо – версия документа