(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 23.05.03 Ж. № 488 ҚАУЛЫСЫ
Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 23 мамырдағы № 488 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1250 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956, "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлықтарын және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) оларға қарсы алдын ала егулер жүргiзiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi;
2) жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс халықтың топтары;
3) алдын ала егулер жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртібі мен мерзiмдерiне сәйкес халықты вакциналауды;
2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын халықты вакциналау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн;
3) 14 жасқа дейінгі балаларды егу паспорттарымен қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2003 жылғы 23 мамырдағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және
паразиттiк аурулардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1250 қаулысымен тізбе өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара)
1. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi:
құтырма
іш сүзегi
"В" вирусты гепатитi
көктемгi-жазғы кене энцефалитi
дифтерия
көкжөтел
қызылша
полиомиелит
сiреспе
туберкулез
оба
эпидемиялық паротит
қызамық
Редакция документа
Демо – версия документа