(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 21.02.02 Ж. № 237 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция
жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 21 ақпандағы № 237 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі бекітілсін.
2. Құпия.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2002 жылғы 21 ақпандағы
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарымен операция жасау
ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық меншік болып табылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізудің және шығарудың тәртібін белгілейді. Ереже "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік материалдық резерв - жұмылдыру мұқтаждарына және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз етуге, ізгілік көмегін көрсетуге және рынокқа реттеушілік ықпал жасауға арналған Үкімет шешімдерімен айқындалған материалдық құндылықтардың жалпымемлекеттік ерекше қоры;
2) сақтау нормасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен номенклатура бойынша материалдық құндылықтарды сақтау көлемі;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңалау мерзімдері, алмастыру және броньнан шығару бойынша жеткізу және шығару (бұдан әрі - Операция жасау жоспары).
Редакция документа
Демо – версия документа