(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.01.03 № 142 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме
қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 142 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 6 желтоқсанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметінің мәні ішкі суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың сыныптамасына байланысты функциялар болып белгіленсін.
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі.»;
Редакция документа
Демо – версия документа