«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы (2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті болып қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1273 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
6. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларын, 2, 3, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң 2 тармақ қолданысқа енеді
Демо – версия документа