Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 Қаулысы (2012.11.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 Қаулысы

(2012.11.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 431 қаулысының;

2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының;

3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Ереже. ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақтан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1395 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

 

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің;

заңды тұлға үшін:

тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазулармен немесе шарттармен расталған жоғары білімінің және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысының;

штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуының;

2) меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стенділік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының);

3) жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаты көрсетілген жобаның болуын қамтиды.

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции