Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.14.12. № 1204 ҚАУЛЫСЫ

«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан

Республикасының Заңын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 Қаулысы

(2007.30.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 (бұр.ред.қара); 2007.30.10. № 1010 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. 2007 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:

1) кірістер - 2220421435 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 1621664278 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 131841042 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8418025 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 458498090 мың теңге;

2) шығындар - 2094459384 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 125962051 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - 11508784 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 39373479 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 50882263 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 367102068 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 369102068 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2000000 мың теңге;

6) тапшылық - 229631233 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,2 пайыз;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 229631233 мың теңге.

2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2007 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын.

3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

4. Мыналар:

1) 4-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясының 2006 жылы бөлінген қосымша штат санын ұстауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку