Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.28.06 № 544 ҚАУЛЫСЫ

Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін
 және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 маусымдағы

№ 544 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Ереже темір жол, теңіз, өзен көлігімен жолаушылар тасымалдауға лицензиялар берудің тәртібін белгілейді.

3. Темір жол, теңіз, өзен көлігімен жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды және (немесе) лицензиялардың қосымшаларын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - лицензиар) береді.

4. Лицензиялардың түрлері мен қолданылуын мынадай белгілері бойынша ажырату қажет:

субъектілер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензиялар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку