(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 29 ТАМЫЗДАҒЫ № 1127 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру,
материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы
(2007.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығының 3-тармағының 1) тармақшасына, 2), 3) және 4) тармақшаларына «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа