Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.16.08 № 773 ҚАУЛЫСЫ

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің
және келісудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 16 тамыздағы

№ 773 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу

ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жобаларын ресімдеудің және келісудің тәртібін айқындайды.

 

 

2. Нормативтік құқықтық кесімдерді ресімдеу

 

2. Нормативтік құқықтық кесімдерде мынадай деректемелер болуға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку