(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 21.12.04 Ж. № 1344 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
21 желтоқсандағы № 1344 қаулысы
(2005.21.12. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiліп отырған республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
|
|
| Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1344 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1265 Қаулысымен тізбе толықтырылды
Республикалық меншіктегi су шаруашылығы
құрылыстарының тiзбесі
1. Мынадай су объектілерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
1) Есіл өзенiндегi Вячеслав су қоймасы
2) Сілетi өзенiндегi Сілетi су қоймасы
3) Қоянды өзенiндегi Қоянды су қоймасы
4) Шелек өзенiндегi Бартоғай су қоймасы
5) Елек өзенiндегi Ақтөбе су қоймасы
6) Қарғалы өзенiндегi Қарғалы су қоймасы
7) Сазды өзенiндегi Сазды су қоймасы
8) Үйдене өзенiндегi Үйдене су қоймасы
9) Қандысу өзенiндегi Қандысу су қоймасы
10) Шар өзенiндегi Шар су қоймасы
11) Егiнсу өзенiндегi Егiнсу су қоймасы
12) Қаракөл өзенiндегі Қаракөл су қоймасы
13) Ұлан өзенiндегi "Алебастр" су қоймасы
14) Есіл өзенiндегi Сергеев су қоймасы
15) Есіл өзенiндегi Петропавл су қоймасы
16) Терiс өзенiндегi Терiс Ащыбұлақ су қоймасы
17) Шу өзенiндегi Тасөткел су қоймасы
18) Қарақоңыз өзенiндегi Қарақоңыз су қоймасы
19) Қақпатас өзенiндегі Қақпатас су қоймасы
20) Көшiм өзенiндегi Киров су қоймасы
21) Көшiм өзенiндегi Битiк су қоймасы
22) Көшім өзенiндегi Дөңгелек су қоймасы
23) Көшім өзенiндегi Пятимар су қоймасы
24) Үлкен Өзен өзенiндегi Сарышығанақ су қоймасы
Редакция документа
Демо – версия документа