(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.14.12. № 1204 ҚАУЛЫСЫ
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 Қаулысы
(2007.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 17 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2007 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:
1) кірістер - 2045323335 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1532692093 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 50998669 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8418025 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 453214548 мың теңге;
2) шығындар - 2115188147 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 69864812 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 22482857 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 28399406 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 50882263 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 223794555 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 225794555 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2000000 мың теңге;
6) тапшылық - 271176510 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,2 пайыз;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 271176510 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2007 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын.
3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
1) 4-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясының 2006 жылы бөлінген қосымша штат санын ұстауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
2) 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға:
Редакция документа
Демо – версия документа