Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИН. 2006.18.07 № 265 БҰЙРЫҒЫ

«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 265 Бұйрығы

 

Осы редакция 2007 жылғы 14 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2006 жылғы 18 шілдедегі

№ 265 бұйрығымен бекітілген

 

 

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды

аккредиттеу ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарына (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтық өкілеттігін ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.

 

 

2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі

 

3. Кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:

1) қағаз тасығыштарда:

осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

құрылтайшы құжаттардың, жарғының және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірін алғаны туралы куәліктің және статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

2) қағаз және электрондық тасығыштарда:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку