(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.11.04 Ж. № 1246 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1246 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженi бекіту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 2 қыркүйектегi № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 34, 398-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 12 қазандағы № 1320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 32, 406-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістердiң 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 30 қарашадағы
№ 1246 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу тәртібін белгiлейдi.
Редакция документа
Демо – версия документа