(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 21 НАУРЫЗДАҒЫ № 287 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 287 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 наурыздағы № 287 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. "Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеудің тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 151-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Құпияландыруға жататын мәлiметтердің ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеу тәртібінде:
20, 26-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 1842 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 603-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа