(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.25.06. № 862 ҚАУЛЫСЫ
Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысы
(2006.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 11 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 612 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы", "Көшi-қон туралы" және «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2006.24.04 № 316 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртібі;
Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсетудiң тәртібі бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi еңбек қызметiнiң мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныс енгізсін;
жыл сайын жұмыс берушiлер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жалдайтын шетелдiк азаматтарды тұтастай алғанда және мамандықтар тобы бойынша республиканың аумағында жұмыс істеу үшiн тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн;
жыл сайын жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шетелдiк жұмыс күшiн тарту және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 612 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа