(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.30.09. № 954 ҚАУЛЫСЫ
«2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту»
бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 954 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған «2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А. Тілеубердинге жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 954 қаулысымен
бекітілген
«2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің
инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр"
кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы.
Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы
Редакция документа
Демо – версия документа