(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1996 Ж. 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 27 ҚАУЛЫСЫ
«Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.06.01 ж. № 770; 28.10.04 ж. № 1111
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байқоңыр» кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 шiлдедегi № 946 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Байқоңыр» кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерi мүлкiнiң негiзiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорны құрылсын.
2. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн;
"Байқоңыр" кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерiнiң сақталуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
аталған объектiлердi конверсиялау жобаларын әзiрлеу және жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 07.06.01 ж. № 770; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа