Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 770 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 770 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.";

2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

"3-1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев


 

Укажите название закладки

Создать новую папку