«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 Бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кадрларды дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (2-қосымша) бекітілсін.
2. ІІМ оқу орындарының басшылары үміткерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді осы бұйрықтың талаптарына сәйкес (1, 2-қосымшалар) жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 шілдеде № 1603 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдарында және оқу орындарында дене шынықтыру және атыс дайындығын, бұқаралық дене шынықтыру - спорт жұмыстарын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 маусымдағы № 497 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
4. Мемлекеттік тіркеу бойынша міндет және осы бұйрықтың орындалуын бақылау ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А.Ақанов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы полиция генерал-майоры |
|
Документ утратил силу
Демо – версия документа