(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.20.03 № 215 ҚАУЛЫСЫ
«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың
(комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының
қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 215 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 10 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларының құрамы бекітілсін.
2. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 373 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 158-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 215 қаулысымен
Бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамы
Қазақстан-әзірбайжан экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия | - Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Қазақстан-армян сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия | - Онжанов Нұрлан Баймолдаұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Орынбасары |
Қазақстан-беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия | - Храпунов Виктор Вячеславович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi |
Редакция документа
Демо – версия документа