(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы
1994 жылғы 5 қазандағы № 176-XIII Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2004.12.20. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жасырын тексеру - адамның жеке басын анықтамай, АҚТҚ жұқтыруын медициналық тексеру;
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ЖҚТБ-мен ауыратын науқас - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы салдарынан осы аурудың органдар мен жүйелерді жаппай зақымдай отырып өлімге апаратын үдемелі дамуымен сипатталатын АҚТҚ инфекциясының терминалды сатысындағы адам;
2) АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы;
3) АҚТҚ инфекциясы - АҚТҚ-дан туындаған ауру;
4) АҚТҚ инфекциясын жұқтырушы - АҚТҚ жұқтырған адам;
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) диспансерлеу - денсаулық сақтау ұйымдарында АҚТҚ жұқтырған адамның және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастың денсаулық жағдайын байқау және оған емдеу-алдын алу көмегін көрсету;
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) құпия медициналық куәландыру - тексерілетін адамның жеке басы мен куәландыру нәтижелерінің дәрігерлік құпиясын медициналық қызметкердің сақтауына негізделген, адамның АҚТҚ жұқтыруына тексеру жүргізу;
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) медициналық куәландыру - адамның АҚТҚ жұқтыруына медициналық тексеру жүргізу;
2006.07.07. № 172-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi жүзеге асыратын ұйымдар негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары;
Редакция документа
Демо – версия документа