(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының
1994 жылғы 5 қазандағы N 176-XIII Заңы
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. ЖҚТБ ұғымы
ЖҚТБ (СПИД) - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгiсi, адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыруымен байланысты аса қауiптi жұқпалы ауру.
2-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi жүзеге асырушы органдар, мекемелер мен ұйымдар
Бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бiрлестiктердiң қолдауымен ЖҚТБ ауруының алдын алу мен емдеудi жүзеге асырушы органдарға, мекемелер мен ұйымдарға: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, денсаулық сақтау бөлiмдерi мен басқармалары (департаменттерi), ЖҚТБ ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар, қан құю стансалары, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, басқа да министрлiктер мен ведомстволар жатады.
Мемлекет осы Заңды iске асыру жөнiндегi қажеттi шаралар кешенiн жүзеге асыру мен азаматтарды құқықтық қорғауды өз мiндетiне алады.
Осы Заңды бұзуға кiнәлi адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.
3-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық, облыстық, қалалық орталықтар ЖҚТБ ауруын уақтылы анықтауға, емдеуге және оның таралуының алдын ала сақтандыруға бағытталған емдеу-анықтау, алдын алу, iндетке қарсы шаралар кешенiн орындайтын ерекше үлгiдегi мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерi болып табылады.
4-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi шараларды қаржыландыру
Демо – версия документа